Ал алыптар арасындағы текетірес мұнымен бітер емес. Бүгін Дональд Трамп Қытай халық республикасының төрағасы Си Цзиньпиннің G20 саммитіне келуін талап етті. Олай болмаған жағдайда Ақ үй қожайыны сауда соғысы жалғаса беретінін және Қытай тауарларына жаңа баж салықтарын енгізетінін мәлімдеді. G20 саммиті 28-29 маусым аралығында Жапонияның Осака қаласында өтеді. Естеріңізге сала кетсек, екі ел арасындағы сауда келіссөзі мамыр айында нәтижесіз аяқталған болатын. Ол кезде АҚШ Қытай импортына баж салығын 10% - дан 25% - ға дейін көтерді. Трамп сондай-ақ шамамен 300 миллиард долларға бағаланған Қытай импортына баж салығын арттыруды тапсырған. Қытай Қаржы министрлігі қарымта жауап ретінде 1 маусымнан бастап 60 миллиард доллар көлемінде АҚШ тауарларына жоғары баж салығын енгізген.
Дональд ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:
Біздің Си Цзиньпинмен ара қатынасымыз жақсы. Мен оны саммитте күтемін. Саудаға қатысты мәселелерді сол жерде талқылап, ортақ шешімге келеміз деген үміттемін. Бүгінде біз 25% баж салығымен 250 млрд долларға тауар аламыз. Біздің қазынаға көп ақша құйылып жатыр, бірақ біз Қытайдан 10 цент те алған жоқпыз. Сондықтан жағдайды өзгертуіміз қажет.
Ә. Өмірзақ