Русский Сайттың толық нұсқасы

ҚР Ішкі істер министрлігі Мұратхан Тоқмәдидің мәлімдемесіне байланысты арнайы тексеру жұмыстарын жүргізетін болады

  • AstanaTV
  • 25 қазан 2017
  • 3442

Ішкі істер министрлігі Мұратхан Тоқмәдидің мәлімдемесіне байланысты арнайы тексеру жұмыстарын жүргізбек. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады. Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында Тоқмәдидің "ТұранӘлемБанк" басшысы Ержан Тәтішовты Мұхтар Әблязовтың өтінішімен өлтіргенін мойындағаны туралы ақпарат тараған болатын. Онда Тәтішовтың өліміне қатысты істі тергеген ІІМ жедел-тергеу тобын басқарған Ержан Артықбаевқа 20 мың доллар бергенін айтқан.

Алмас Сәдубаев, ҚР ІІМ мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры:

Бұқаралық ақпарат құралдарында Мұратхан Тоқмәдидің тергеуші Артықбаевқа ақша бергендігі туралы шағымы жарияланды. Аталған факт бойынша ІІМ-нің Өзіндік қауіпсіздік департаменті өзге де құқық қорғау органдарымен бірлесіп тексеріс жүргізетін болады. Артықбаевтың қызметіне келетін болсақ, ол 2010 жылы ІІМ-нің Тергеу комитетінен зейнетке шыққан.

Еске сала кетейік, Мұратхан Тоқмәди 12 маусымда ұсталған болатын. Құзырлы органдардың мәліметінше, оның үйін тінту кезінде қару-жарақ пен оқ-дәрі табылған. 12 қазанда сот оны 3 жылға бас бостандығынан айырды.

Диана САПАРҚЫЗЫ