Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкенттегі газ құю стансасында болған жарылыстан бір адам қаза тапты

  • AstanaTV
  • 12 маусым 2019
  • 2246

Шымкентте автоцистерналарға газ құятын стансадағы жарылыстан зардап шеккен адам бақилық болды. Күйіп қалған 20 жастағы жігіт 3 күннен соң ауруханада жан тапсырды. Денесінің 98 пайызы күйген. Дәрігерлер науқасты жансақтау бөліміне жеткізгенімен, оны аман алып қалу мүмкін болмаған. Тіпті Алматыдан дәрігерлер шақыртылған.  

Мадина ЕРМАХАНБЕТОВА, Т.ОРЫНБАЕВ АТЫНДАҒЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ЖОҒАРЫ ҚЫСЫМДЫ ОКСИГЕНАЦИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:

Жүргізілген ем - шараға қарамастан науқас 11-і күні сағат 18:10-да жүрек соғуы тоқталып, биологиялық өлім тіркелді, яғни кешегі күні. Қайтыс болған кездегі диагнозы термоингаляциялық травма. Термиялық күйіктің бас, бет, мойын, дене және аяқ-қол қимыл аппараттарының 98 пайыз күюі.

Еске салсақ, өткен жұма күні қала іргесіндегі газ құю стансасында жарылыс болды. Бұған дейін хабарлағанымыздай сиымдылығы 200 текше метрлік екі бос бөшкенің бірі отқа оранған еді. Одан бөлек тілсіз жау кезінде бірнеше автоцистерна да отқа оранып, біреуі жарылған болатын. Мамандардың мәліметінше, жалын шарпыған аумақ жекеменшікке тиесілі. Компания қожайындары сығымдалған газ сатумен айналысып келген. Төтенше жағдай мамандарының алдын ала болжамынша апат қауіпсіздік талаптарының сақталмауынан болған. Қазір қайғылы оқиғаның жай-жапсарын арнайы комиссия анықтап жатыр.

А. Төребекқызы