Русский Сайттың толық нұсқасы

Гонконг билігі орталықта орналасқан барлық үкіметтік мекемелерді жауып тастады

  • AstanaTV
  • 13 маусым 2019
  • 2060

Гонконг билігі орталықта орналасқан барлық үкіметтік мекемелерді жауып тастады. Дегенмен, қарсылық акциялары заң шығару кеңесі ғимаратының алдында жалғасты. Полиция ереуілшілерге қарсы көз жасаурататын газ бен резеңке оқ қолданды. Алайда мыңдаған адам көлік жолдарын жауып, бөгет болып тұрып алды. Еске салайық, елде экстрадиция туралы заңға өзгеріс енгізу кейінге қалды. Құжат енді қашан қаралатыны белгісіз. Жексенбі күні млн-даған адамды жинаған шеруден кейін Қытайға қарайтын Гонконг билігі жоспардан қайтпайтындарын мәлімдеді. Ал қала тұрғындары заңға қарсы, өйткені ол билікті сынайтындарды Қытайға ұстап беруге жол ашады дейді. Олар Қытайда адам құқы қорғалмайды, заң Ганконгтен бөлек деп есептейді. Билік болса, құжат тек қылмысқа қарсы күресуді көздейді деген уәж айтып отыр. 

- Заң үкімет кестесімен қабылданбайтынына сенгіміз келеді. Кешегі қарсылықтың мақсаты сол болатын. Заң шығарушылар Үкіметке бармайтынына көз жеткізгіміз келеді. Сондықан екінші, үшінші оқылымдарға жол бермейміз. Біздің басты мақсат - осы.  

Бұл уақытта қақтығыстар Гонконг биржасына әсер етті. Акциялар екінші күн қатарынан түсіп жатыр. Әсіресе көлік, қаржы және саудамен байланысты компанияларға кері әсер етті. MTR корпорациясының құнды қағаздары 2 пайызға дейін түсіп кетті.  

М. Дюсекина