Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылордадағы жазғы лагерлерде балаларға жайлы жағдай жасалмағаны анықталды

  • AstanaTV
  • 13 маусым 2019
  • 3982

Балалар лагеріндегі қауіп. «Ақмешіт-адалдық алаңы» жобалық кенсе мониторинг кезінде біраз былықтың бетін ашты. Балаларға ауыз су орнына тұрмыстық су берілген. Асхана лас, ал аспаздарда санитарлық кітапша жоқ болып шыққан. Ашық жатқан ток сымы мен тозған төсек те бар. Алайда балаларға қауіпсіз, жайлы жағдай жасай алмаған лагерь басшылары барлық кемшілікті үш күн ішінде жоямыз деп уәде етіп отыр.  

Жандос ТҰСМАҒАМБЕТОВ, «АҚМЕШІТ-АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІНІҢ БАСШЫСЫ:

Көптеген кемшіліктер анықталып отыр. Біріншіден, балаларға ауыз судың орнына тұрмыстық су беріліп жатыр. Сонымен қатар, асханадағы санитарлық-эпидемиологиялық талаптар дұрыс емес, тазалық жұмыстары жүргізілмеген. Бүгін бекітілген ас-мәзіріне сәйкес тамақ өнімдері балаларға берілмей жатыр.

Рұстам ЫДРЫСОВ, «АҚТЕРЕК» САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Освещениесін алып тастаймыз ғой енді. Бізде бұрын балалардың тоққа түсу қауіпін болдырмау мақсатында біз жер асты кабельдерің тартпау үшін біз ағытып тастағанбыз. Ішкі лампочкасын алып тастап, сыртындағы плафоны тұр, біз оны басқа жерге көшіреміз.

Ауасы таза демалыс, сауықтыру лагерлерінің орнына қызылордалық балақайлар неге қаладағы ойынды артық көреді? Бұл туралы біз сенбі "Біздің уақыт" бағдарламасында әңгімелейтін боламыз.

Ш. Сақтапова