Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте оншақты кәсіпорын жолдың жоқтығынан шығынға батып жатқандарын айтты

  • AstanaTV
  • 14 маусым 2019
  • 2397

Шымкентте бірқатар кәсіпорын иесі аралда қалғандай күн кешіп отырғандарына шағымданды. Бір көшенің бойына орналасқан оншақты зауыт-фабриканың қожайындары өздеріне қатынайтын жолдың жөндеуге жабылғанын айтып отыр. Соның кесірінен шығынға батып жатырмыз дейді. Тіпті алды екі айдан бері жұмысын тоқтатып тастаған. Өйткені жол жөндеу жұмыстары тым баяу жүріп жатыр. Сондықтан өндіріс аумағына кіріп-шығу екі айдан бері мұңға айналыпты.  

Ерлан ЕРАЛИЕВ, КӘСІПКЕР:

Не мәшине кіре алмайды, не мәшине шыға алмайды. Не өзіміздің сырттан келетін шикізатымызды алып кіре алмаймыз. Арыз-шағымды акиматқа жаздық. Ол жақтан да ешқандай жауап келген жоқ. Ешқандай көмек болып жатқан жоқ бізге. Тапсырыстарды алып қойғанбыз халықтан, үлкен мекемелерден. Клиенттерді жоғалту болып жатыр қазір.

Махаббат ҚОЙБАҒАРОВА, КӘСІПКЕР:

Екі аптада бітіреміз деген жол екі айға жуықтады. Әлі толығымен бітірген жоқ. Ертең, арғы күні деген жауаптармен қайтарады. Жұмысымыз толығымен тоқтады деп айтсақ болады. Машиналар келмейді, қанша фирмалармен договорға тұрғанбыз.

Ұзындығы 30 шақырымға созылып жатқан бұл жол Түркістан облыстық әкімдігінің тапсырысы бойынша жөнделіп жатыр. 2017 -2021 жылдарға жоспарланған құрылыстың жалпы құны - 4 млрд теңгеден асады. Былтыр соның 500 мыңы бөлінсе, биыл 1 млрд 200 мыңы игеріліпті. Алайда бірнеше кәсіпорынның шаруасын ақсатқанынан хабарсыздығын алға тартқан мамандар, ауа-райының қолайсыздығын алға тартты. Көше тар болғандықтан уақытша айналма жол салуға да мүмкіндік жоқ деп отыр. Дегенмен мәселені алдағы екі аптада түбегейлі шешеміз деп сендірді.

Роллан ИБРАГИМОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Егер де біз негізін жер жұмыстарын бірдестен екі бетін де жасамасақ ертең жолдың бір жері дұрыс нығызданбай қалатын болса, бір жақа қарай отыру қаупі бар. Сол себептен қазіргі таңда 8 метр карытасын ашып, жер жұмыстарын бірінші выход единый монолит сияқты қылып жатып жатырмыз ғой. Ал кейін шағалтас төсегеннен кейін уже бір бетін ашып тастаймыз.

А. Төребекқызы