Русский Сайттың толық нұсқасы

#birge акциясы кезінде келіп түскен ұсыныстар негізінде жасалатын әрекет

  • AstanaTV
  • 15 маусым 2019
  • 2283

Nur Otan партиясының хатшысы Тамара Дүйсенова сайлауалды науқан кезінде жиналған ұсыныстар бойынша бірнеше сұраққа жауап берді.

- Президент #birge акциясы кезінде келіп түскен ұсыныстарды ескеретінін айтты. Азаматтар көбіне қандай мәселелерді көтерді?

Тамара Дүйсенова, Nur Otan партиясының хатшысы:

Президент өзінің бағдарламасында әлеуметтік саясатты салмақты түрде жаңғырту мәселесін қарастыру керек екенін айтқан. Сондықтан да біз сайлау уақытында «Бірге» акциясын жібердік. Онда азаматтардың ұсыныстары мен өтініштерін қарап шығу үшін. Осы екі айдың ішінде 540 мыңнан астам азаматтардан өтініштер мен ұсыныстар келіп түсті. Әрине, мәселелер көп. Проблемалы мәселелер бар. Солардың ішіндегі үлесі жоғары болған 5 мәселеге тоқталып кетейін. Оның біріншісі әлеуметтік көмек. Оның ішінде атаулы және жұмысқа тарту мәселесі. Екінші денсаулық сақтау саласына қатысты. Медициналық көмектің сапасын көтеру мәселесіне байланысты. Үшінші мына білім беру саласындағы реформаларды реттеу мәселесі. Төртінші әрине, тұрғын үйге қолжетімділік. Бесінші азаматтардың жеке қауіпсіздігі жөнінде.  

- Атаулы әлеуметтік көмек, жұмыспен қамту көптеген отбасын алаңдатқан мәселе. Бұған қатысты қандай ұсыныс бар?  

Тамара Дүйсенова, Nur Otan партиясының хатшысы:

Жалпы атаулы әлеуметтік көмек Қазақстанда 2002 жылдан бері беріліп келе жатыр. Бұл – аз қамтамасыз етілетін отбасыларға берілетін көмек. Бірақ әлеуметтік көмектің ең жақсысы, дұрысы – жұмыспен қамту. Жұмыспен қамту дегенде ол жаңа жұмыс орындарын ашып, соған ғана жіберілетін азаматтар емес, жалпы біз қоғамға экономиканың қай салалары дәмелі, осы салаларға қандай мамандар қажет деген жүйелі түрде болжам жасап отыруымыз керек. Осы тенденцияға қарай еңбек нарығын бағыттайтын болсақ, азаматтар қандай мамандық алу керек екенін білетін болса, онда олар тек қана өзіне жұмыс тауып қоймастан, сонымен бірге олар өздері жұмыс орындарын ашуға даяр болады. Сондықтан да әлеуметтік көмектің ең негізгісі, қажеттілігі ол – азаматтарды жұмыспен қамту. Себебі азаматтар жұмыспен қамтылғанда алатын еңбекақы беріліп жатқан АӘК-тен едәуір үлкен болады.  

-Баспана мәселесі жастардың да, көп балалы аналардың да, бюджеттік қызметкерлердің де негізгі проблемасы. Бұл мәселе қалай шешілмек?  

Тамара Дүйсенова, Nur Otan партиясының хатшысы:

Әр түрлі тұрғын үй бағдарламасы бар. Соның бәрін біріктіріп, бір тұрғын үй бағдарламасы саясатын жасау керектігі жөнінде айтылады. Әрине егер бір тұрғын үй қағидасын жасайтын болсақ, онда азаматтар бір терезелі қағидатпен үй алуға мүмкіндік жасайтын принциптер енгізілуі керек. Екіншіден, егер де шетелдік тәжірибелерге қарайтын болсақ, бізде қазір қоғамдағы ең көп көтеріліп жүрген мәселе - алғашқы жинақ. Барлық жерде алғашқы жинақ бар. Бірақ алғашқы жинағы жоқ азаматтарға шетелде «арендный накопитель» деп айтылады. Аренда төлеп отырып жинақтайтын режимдер де бар. Сондықтан да мен ойлаймын, егер де біз бірінші жинағы жоқ азаматтарға арендасын төлеп отырып жинауға мүмкіндік беретін болсақ, онда ол жақсы болар еді. Екінші мәселе – әрине, жастар. Енді ғана жұмысқа орналасқан жастарға алғашқы жинақты жинау мәселесін көтеруге болады. Оны қазіргі таңда олардың төлеп жүрген салықтарының есебінен қарастыруға болады. Сондықтан да біз осындай пікірді ұсынбақшы болып отырмыз.    

Азаматтар дәрі-дәрмектің бағасының шарықтап тұрғаны, тегін дәрі-дәрмектің уақытылы, толық берілмеуі, жергілікті жерде медициналық көмек сапасының төмендігін көп айтады. Бұл мәселелер қалай шешілмек?  

Тамара Дүйсенова, Nur Otan партиясының хатшысы:

Президент өзінің сайлауалды бағдарламасында медициналық көмектің сапасын көтеру және барлық жерде қолжетімділігін арттыру жөнінде айтты. Сондықтан да біз бүгінгі таңда осы проблемаларды шешумен бірге тағы да 3 мәселені көтеруіміз керек-ау деп ойлаймын. Себебі қазіргі таңда барлық дамыған мемлекеттерде медицина 3 негізгі бағытта дамып жатыр. Бірінші – профилактикалық медицина, аурудың алдын алу мәселесі. Өте үлкен, қыруар қаражатты аурудың алдын алу мәселесіне дамыған елдер жіберіп жатыр. Екінші - персоналды медицина. Біз енді көбіне барлық азаматтарға, жүрек ауруы болса бірдей ем жасаймыз. Мысалы, қазір көрші Ресейде жасалып жатқан мәселе - адамдардың әр қайсысының ағзасына қарай отырып, ем жасау мәселесі. Үшінші әрине – цифрлы медицина. Тегін дәрі-дәрмектер қазір үкімет тарапынан беріледі. Оның өзінің перечені бар. Егер де үкімет тарапынан хабарламаны алып қарасақ, жергілікті жердегі азаматтар мысалы, диабет бойынша айтайық, қанша дәрі-дәрмек керек екенін уақытысында заявкасын бермей жатады. Бірақ енді біз цифрлы медицинаға келетін болсақ, әрбір медициналық мекемеде тіркеуде тұрған азаматтардың саны белгілі болатын болса, онда оларға берілетін дәрі-дәрмектің көлемі де, берілетін қаражатты да әр медицина мекемесінен емес, сол үлкен базадан алып, жасауға болады. Ал енді дәрі-дәрмек бағасына келетін болсақ, біз қазір өзіміздің отандық тауар өндірушілерді қолдап жатырмыз. Биылғы жылы Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасы бойынша кейбір біздегі дәрі-дәрмек шығаратын зауыттардың 70 пайыздық шығарған өнімдерін алып жатырмыз. Егер де біз өзіміздің тауар өндірушілерді де көтеретін болсақ, көп дәрі-дәрмекті солардың есебінен-ақ халыққа жеткізу мүмкіндігіміз бар.