Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда тағы екі жаңа министрлік пайда болды

  • AstanaTV
  • 17 маусым 2019
  • 1884

Қазақстанда тағы екі жаңа министрлік пайда болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сауда және интеграция министрлігін құру туралы жарлыққа қол қойды. Оған Ұлттық экономика ведомствосының ішкі сыртқы сауда қызметін реттеу құзіреті берілді. Индустрия және инфрақұрылым мен сыртқы істер министрліктерінің кей міндеттері осы жаңа министрлікке өтті. Енді ел саудасын Елорданың ескі әкімі Бақыт Сұлтанов басқарады. Сондай ақ, Энергетика министрлігінен Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі бөлініп шықты. Оны бұрынғы энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев басқарады. Үкіметтегі ең жас министрлердің қатарын толтырған басшы - 41 жаста. Ал 2014 жылдан бері Мәдениет, спорт саласын басқарған Арыстанбек Мұхамедиұлы бүгін қызметтен кетті. Орнына орынбасары Ақтоты Райымқұлова отырды.

А. Сейфулла