Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда ереуіл жасауға рұқсат етілетін заң қабылданады - Қ. Тоқаев

  • AstanaTV
  • 17 маусым 2019
  • 5148

Қазақстанда ереуіл жасауға рұқсат етілетін заң қабылданады. Қарсылық білдірген қозғалыс өкілдері келіссөзге шақырылып, мәселелер тәртіпсіздікке жол берілетін көшелерде емес, үстел басында талқыланады. Еуроньюске сұхбатында Қасым-Жомарт Тоқаев осындай мәлімдеме жасаған. Президент Еуроодақ өкілдерімен елде саяси өзгерісті калай жасауға болатыны жөнінде ақылдасыпты. Оның айтуынша, митингке шыққан қазақстандық жастар қоғамда өз орнын табуы тиіс. Ал өзінің саяси басымдығы - жастарды билікке тарту екенін айтқан. 

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ :

Әрине, заңсыз әрекеттер тоқтатылады. Бас прокуратура даладағы митингтің заңсыз екенін бірнеше рет ескертті. Өйткені тәртіпсіздік митингіге қатысқысы келмейтін өзге адамдарға кедергі жасайды. Сондықтан ереуіл жасағысы келгендер өз пікірлерін білдіру үшін арнайы органға жүгініп, наразылықтарын арнайы орында көтере алады.   

Г. Меңдеева