Русский Сайттың толық нұсқасы

Бір-бірімен төбелескен оралдық полицейлер қызметінен қуылды

  • AstanaTV
  • 17 маусым 2019
  • 2215

Қаланың қақ ортасында жаға жыртысқан оралдық полицейлер қызметінен қуылды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінен хабарлады. Олар шеніне кір келтірді деп айыпталған. Енді мемлекеттік қызметке орналаса алмайды. Сақшылардың жұрт көзінше төбелесуіне жеке басының араздығы себеп болған көрінеді. Қазір Қылмыстық Кодекстің 380-ші бабы, яғни билік өкіліне қарсы күш көрсеткен деген дерекпен тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Болатбек БЕЛГІБЕКОВ, БҚО ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Біреуі капитан шенінде, екіншісі лейтенант атағындағы қызметкерлер. Екеуі де өзара сәл түсініспеушіліктің нәтижесінде осындай бір резонанстық жағдайға әкеп соқты. Қызметтік тергеудің нәтижесі тәртіптік комиссияда қаралды. Яғни, екеуін де ішкі істер органдарынан полиция қызметкерінің атағына кір келтіргені үшін жұмыстан шығару туралы шешім қабылданды. Қазіргі уақытта жұмыстан шығарылды екеуі де. 

Осыған дейін хабарлағанымыздай, көлік ішіндегі тәртіп сақшыларының дөрекі әрекеті әлеуметтік желіде таралған еді. Олар рөлде отырған полицейді пышақтамақ болып, кейін қашып кеткен. Видеоны тексерген құзырлы орган төбелескендердің екеуі де полиция қызметкері екенін анықтаған болатын. 

Е. Карин