Русский Сайттың толық нұсқасы

Елде 1,9 млн гектар ауыл шаруашылығы жері пайдаланылмай, бос жатыр - ҚР АШМ

  • AstanaTV
  • 18 маусым 2019
  • 3254

Елде 2 млн гектарға жуық ауыл шаруашылығы жері пайдаланылмай, бос жатыр. Жауапты министрлік оны мемлекет меншігіне қайтаруға талпынып әлек. Бүгін халыққа есеп беру кездесуінде Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров осындай статистикамен бөлісті. Оның айтуынша, 2016-2018 жылдары қаңырап жатқан 7,6 млн гектар жер анықталыпты. Оның 2 млн-ы егістікке, 5 жарым млн-ы жайылымға арналған жер.

Сапархан ОМАРОВ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ:

Қабылданған шаралардың арқасында 2,0 млн. гектар жерді жер учаскелерінің бұрынғы иелері мен жер пайдаланушылар игере бастады, 3,7 млн. гектар мемлекет меншігіне қайтарылды, оның ішінде 3,0 млн. гектар ауыл шаруашылығы айналымына тартылды және 0,7 млн. гектарды бүгінгі күні ауыл шаруашылығына тарту жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ, министр несие алуға кепілзаты жоқ шаруаларға арнап аграрлық электронды қолхаттар енгізілетінін айтты. Бұл күзде орылатын егінге есептеліп алынатын қаражат. Басқаша вексель десе де болады. Несие алған шаруа сол электронды міндеттеменің негізінде қарызын не ақшалай, не ауыл шаруашылығы өнімін жеткізу арқылы жабады. Тиісті Заң жобасы Үкіметтен де қолдау тапқан. 

Д. Қайыртай