Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған қоғамдық қабылдау өтті

  • AstanaTV
  • 19 маусым 2019
  • 2054

Ал Ақтөбеде мүмкіндігі шектеулі жандардың дені оқуға, өз кәсібін ашуға құштар. Бұл туралы «NUR OTAN» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында өткен қоғамдық қабылдауда белгілі болды. Келушілер қалалық тұрғын үй қатынастары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, білім беру бөлімі мамандарына сауалдарын жолданды. Әлеуметтік мәселерді шешуге өтініш білдіргендер де болды. Негізінен баспана, өз кәсібін ашу және жеңілдікпен орта және жоғарғы оқу орындарына түсу мәселесі көтерілді.  

Әлібек ЕЛЕУСІЗОВ, ТҰРҒЫН :

Мүмкіндігі шектеулі жандарға белсенділерге үкімет жағынан льгота болып оқуға түсуге иә болмаса жеңілдіктер болса ол нұр үстіне нұр болатын еді.

Азаматтарды қоғамдық қабылдау ай сайын өтеді. Жыл басынан бері мыңнан астам өтініш түскен. Оның жүзге жуығын мүмкіндігі шектеулі жандар жолдапты. Бұл талап-тілектердің жартысынан көбі бүгінде оң шешім тапқан. Айта кетейік, Ақтөбеде қазір 26 мыңнан астам мүгедек тұрады. Оның үш жарым мыңы балалар.  

Нұржауған БҰХАРБАЕВА, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ АҚТӨБЕ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ КЕҢЕСШІСІ: 

Негізгі мақсатымыз осы мүмкіндігі шектеулі жандардың өтініштерін, сұрақтарын тыңдап, оларға мүмкіндігінше жедел тез арада көмек көрсетуге қол ұшын беруге мәселелерін оңтайлы шешуге ықпал ету соған көмек көрсету болып табылады.

Б. Рахметова