Русский Сайттың толық нұсқасы

Автокөліктің қосалқы бөлшектері арнайы тіркеуден өткізілмек

  • AstanaTV
  • 21 маусым 2019
  • 3528

Бұдан былай жергілікті жерде полиция департаменті мен басқарма басшылары азаматтарды кабинеттен тыс, көшелер мен алаңдарда қабылдай бастайды. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев халыққа есеп беру кездесуінде осылай деді. Сонымен қатар, автожолда қабылдау бөлмесі желісімен күн сайын кең ауқымды акцияларды өткізу тәжірибесі енгізілген. Қазірдің өзінде 174 фронт-кеңсе іске қосылған. Күн сайын еліміз бойынша мұндай қабылдау бөлмелерінде 5 мыңнан астам азаматқа қызмет көрсетіледі.

Ерлан ТҰРҒЫМБАЕВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ:

Департаменттер мен басқармалардың басшылары бюрократиясыз және жазусыз көшелер мен алаңдарда кабинеттен тыс азаматтарды қабылдайды. Адамдар өз мәселелерін формалды емес жағдайда жедел шешуге мүмкіндік алды. Осы жылдың сәуір-мамыр айларында тек екі акция кезінде 34 мыңнан астам адам қабылданып, кеңес алды.  

Министрдің сөзінше елде жасалатын қылмыстың басым бөлігін, яғни 65%-ы ұрлық. Қазіргі уақытта көлік бөлшектерінің ұрлығын тию үшін, ішкі сауда ережелеріне түзетулер енгізу қаралады. Автокөліктің қосалқы бөлшектерін тек мамандандырылған дүкендерде сату, тіпті бөлшектерді арнайы тіркеуден өткізу де көзделіп отыр. 

Ерлан ТҰРҒЫМБАЕВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ:

Чемпионымыз Денис Теннің өлімі қоғамда үлкен резонанс туғызды. Осыдан үш ай бұрын Алматыда тағы бір Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландинның көлігінің айнасы ұрланды. Осыған байланысты жедел шаралар қабылданды. Ішкі істер министрлігі ішкі сауда ережелеріне түзетулер енгізуді қолға алып отыр. Сатуға шығарылған көліктің қосалқы бөлшектері жазбалармен қамтамасыз етіледі. Жеке мәліметтер еңгізілген тіркеуден өтеді. 

Н. Біләл