Русский Сайттың толық нұсқасы

А.Көлгінов «Nur Otan» партиясы елордалық филиалының төрағасы болып сайланды

  • AstanaTV
  • 21 маусым 2019
  • 2062

Алтай Көлгінов «Nur Otan» партиясы елордалық филиалының төрағасы болып сайланды. Бүгін партияның кезектен тыс 30- конференциясында жаңа әкімнің кандидатурасына делегаттар бір ауыздан дауыс берді. Бұған дейін қалалық филиалды Бақыт Сұлтанов басқарған. Жиында Көлгінов шаһардағы әлеуметтік проблемаларды партиямен бірлесе отырып шешу жолдарын айтты. 

Алтай КӨЛГІНОВ, «НҰР-СҰЛТАН» ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Біз «Бақытты отбасы» орталығын ашамыз. Ол орынды дайындап жатырмыз. Сол жерде біз үкіметтік емес ұйымдармен бірге жұмыс жасағымыз келеді. Партияның белсенділігі сол жерде болады. Қазір көбісі қайда келеді? Міне, әкім, сен шеш! Қоғаммен бірге жасасақ, сонда мәселе ертерек шешіледі. 

Конференцияда Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы рөлі сөз болды. Партия төрағасының орынбасары Мәулен Әшімбаев Елбасының дамушы мемлекеттің қалыптасуындағы ерен еңбегіне тоқталды. Айтуынша, өткен сайлауда халық елде қалыптасқан тұрақтылық пен сабақтастық үшін дауыс берді. 

Мәулен ӘШІМБАЕВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Сайлаудың нәтижесі арқылы Қазақстан халқының басым көпшілігі Елбасының саясатының әрі қарай жалғасуын қалайтындарын және Елбасымыздың барлық стратегиялық бағдарламаларын әрі қарай тиімді жүзеге асу керектігін көрсетіп отыр. Сондықтан әрі қарай бәріміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасы аясында Елбасы саясатын әрі қарай жалғастыру үшін бәріміз жұмыла жұмыс істеуіміз керек. 

А. Сейфулла