Русский Сайттың толық нұсқасы

Бюджеттің 138 миллиард теңгесі жөн-жосықсыз жұмсалған. Эбе́н ағашы...

  • AstanaTV
  • 22 маусым 2019
  • 3041

Бюджеттің 138 миллиард теңгесі жөн-жосықсыз жұмсалған. Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунованың мәлімдеуінше, сол үшін бірінші басшылар емес, қатардағы қызметкерлер жазаланған. Тәртіптік жауапкершілікке тартылған 224 адамның 20-сы ғана бастықтар. Ал «Ақ жол» фракциясының жетекшісі Азат Перуашевтың айтқаны қарапайым адамдар айтатын мәселе:

Азат Перуашев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Местные начальники привыкли себе не в чем не отказывать? От огромных квартир, шикарных автомобилей и до роскошной мебели из эбенового дерева. Может, хватит уже? Хотите шиковать - идите в бизнес, зарабатывайте.

Эбе́н — тұтастай қап-қара немесе жолақтары бар қара ағаш. Ылғалды тропикалық ормандарда – Батыс, Орталық және Шығыс Африкада, Оңтүстік-Шығыс Азияда, Үнді мхитының аралдарында, Үндістан мен Цейлонның муссонды ормандарында өседі. Ядросында жолақтары болмайтын ағаш қымбат саналады. Тіпті одан жасалған тақтайлар тақтайлардың ең қымбаты – 1 шаршы метрі 100 мың долларға жеткен кездер болған. Сондықтан оны қарапайым адамдар білмейді де. Ерте замандарда алтынмен тең болған. Эбеннен жасалған жиһаз, декор бұйымдарын Мысыр перғауындары, Римнің жоғары тап өкілдері қолданған. Ақыры әлемдегі байлардың асып тасуынан адамзат бұл ағашты жоғалта жаздап, 1994 жылы «Қызыл кітапқа» енгізілген. Қазір негізінен пианино, скрипка, флейта, гитараның құлағы жасалатын көрінеді. Ал Перуашевтың айтуынша, біздікілер әлі жиһаз алдыртады... Түсініксіз, әлде астыртын фабрикаларда құрастырылған мебельді контрабандалық жолмен әкеліп, оны кесіп, аралап талантты балаларға музыкалық аспаптар жасатпақшы ма, екен?..