Русский Сайттың толық нұсқасы

«Нұр Отан» партиясының Алматыдағы филиалы арнайы тренинг-семинар өткізді

  • AstanaTV
  • 24 қазан 2017
  • 2820

Жаңа үлгідегі латын әліпбиі қоғамда қызу талқыланып жатыр. «Нұр Отан» партиясының Алматыдағы филиалы алдыңғы қатарлы ұжым басшылары мен белсенді мүшелерін жиып, арнайы тренинг семинар өткізді. Мұндағы мақсат - жаңа, соңғы ұсынылған әліпбидің ерекшелігін түсіндіру, көкейдегі сауалдарға салмақты жауап беру, талқылау. Бірнеше сағатқа созылған семинарды жүргізуге елдегі жоғарғы оқу орнының ұстазы Бақытгүл Торайбекова шақырылған. Тәжірибелі маман, аймақтық шара барысында тек латын қаріпіне тоқталмады. Сонымен қатар қызметтегі біліктілікті арттыру жолдарындағы түйгендерімен бөлісті. Бағыт-бағдар берді. Ал кезекті семинарға жиналғандардың дені жүйелі жұмыстың маңызы мен мәні өте жоғары екендігін айтты.

Эльмира Бидайбаекова, Ы. Алтынсарин атындағы №159 гимназияның директоры:

Латын қаріпіне көшу басқа мемлекетте дәл біздің еліміздегі сияқты жаңа әліпбиді талдау еш уақытта болған емес. Ал, біздің елімізде үлкен қолдау тауып, қазір қызу талқылануда. Сондықтан, Елбасы айтқандай, латын қаріпіне көшудің тарихи мәні өте зор.