Русский Сайттың толық нұсқасы

Құрылған арнайы комиссия жарылыс пен өрт шығу себебін анықтайтын болады

  • AstanaTV
  • 24 маусым 2019
  • 2230

Құрылған арнайы комиссия жарылыс пен өрт шығу себебін анықтайтын болады. Бүгін Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев бастаған топ апат орнына ұшып кеткен. Мұны ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады. Сенат қабырғасында журналистерге сұхбат берген Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дәндібаевтың айтуынша, елдегі қару-жарақтардың тең жартысы ескірген. Кеңес дәуірінен қалған оқ-дәрілер мен әскери қарулар әлі күнге дейін қоймаларда сақтаулы. Ол "мерзімі өткен қару-жарақ түрлерін жойып отырамыз, бірақ бұл өте қымбат тұратын процесс" - деді.

Тимур ДӘНДІБАЕВ, ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазіргі уақытта еліміздегі қару-жарақтың 50 пайызға жуығы ескірген. Бірақ біз оны жою үшін қажетті іс-шаралар өткізіп жатырмыз. Ол кезең-кезеңімен өтетін және өте қымбат процесс. Арыстағы оқиғаға ескі қару-жарақ себеп болуы мүмкін деген болжамды растай алмаймын. Оны арнайы комиссия анықтайтын болады.

Н. Біләл