Русский Сайттың толық нұсқасы

Арыстағы жарылыстың бірнеше себебі бар, - Ә.Тоғысов

  • AstanaTV
  • 24 маусым 2019
  • 9504

Арыстағы жарылысқа бірнеше жағдай себеп болуы мүмкін. Қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары Әмірбек Тоғысов бірнеше болжаммен бөлісті.

Әмірбек ТОҒЫСОВ, ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІНІҢ БҰРЫНҒЫ ОРЫНБАСАРЫ:

Қойманың қауіпсіздігін қарап шығу керек. Оның өрт қауіпсіздігін, ұрлық, сигнализация қарау керек. Ең бастысы утилизациясы бар. Уақытымен алып шығып, утилизация жасау керек.

Ал Мәжіліс депутаты, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев осымен төртінші рет қайталанып отырған жарылыстар себебін оның тарихынан іздеу керек дейді.

Себебі қойма өте ескі. Кезінде оны Арыс аймағынан Ембі полигонына көшіру керектігі туралы да мәселе көтерілген еді.

Бақытжан ЕРТАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Бұрын кеңес кезінде бұл үлкен склад болған. Енді қазір ол біздің қарулы күштердің иығына салынған дүние. Бірақ олар қолынан келгенін істеген шығар. Бірақ бұның тарихы терең. Соны ашу керек.

Бұл Арыстағы бірінші жағдай емес. Соңғы рет аймақта 2015 жылы қалдықтарды тазалау кезіндежарылғыш зат іске қосылып, технолог қаза тапқан. Ал 2014 жылы қару-жарақты утилизациялап жатқанда, оқ дәрі жарылып, екі адам қайтыс болды. Ал 2009 жылы «Казарсенал» кәсіпорны аумағындағы жарылыстан 3 адам өмірімен қоштасып, 17-сі жарақат алған еді.

А. Сейфулла