Русский Сайттың толық нұсқасы

Жарылған қоймаларда радиактивті снаряд болған жоқ

  • AstanaTV
  • 24 маусым 2019
  • 2982

Жарылған қоймаларда радиактивті снаряд болған жоқ. Сондықтан радиациялық қауіп жайылуы мүмкін емес. Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев осылай деп мәлімдеді. Ол арсенал күзеттің барлық техникалық құрал-жабдықтарымен, күзет дабылдамасымен жеткілікті жарақтандырылғанын айтты. Министр жарылыс болған арсеналда қуатты және қауіпті авиациялық оқ-дәрілер мен бомбалар сақталмағанын атап өтті. Барлық оқ-дәрі жарылу қаупі ескеріле отырып орналастырылған көрінеді. Негізгі жарылыс толқыны далаға бағытталған. Қалған бөлігі елді-мекендерге келді", - деді министр арнайы брифингте. 

Нұрлан ЕРМЕКБАЕВ,  ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ:

Арсеналдың өзі әскери қызметшілердің күзетінде. Олардың бір бөлігі қорғалған бункерде, бір бөлігі қорғану құралдарымен қамтамасыз етілген. Сол себепті олардың қауіпсіздіктері кепілдендірілген. Саперлар тобы жұмысқа кірісті. Жылытуды ұйымдастыру үшін қосымша арнайы жеке құрам жасақталатын болады. Әсери қоймада радиактивті оқ-дәрілер сақталмаған радиациялық жоқ. Мұны мен ресми түрде айтамын.

Министр жарылыс бірнеше күнге жалғасуы мүмкін екенін ескертті. Ол жергілікті тұрғындар қауіпсіздік мақсатында Арыс қаласына қайтып келмеулерін сұрады. Ал үйлеріндегі мал-мүлікке алаңдамауға шақырды. Аймақ қазір арнайы әскери қызметшілердің бақылауында. 

Нұрлан ЕРМЕКБАЕВ, ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ:

Қауіпсіздік мақсатында рұқсат етілмегенге дейін Арысқа қайтпаңыздар. Арыс қаласының көшелері мен жолдарында жарылмаған оқ-дәрі болуы мүмкін. Қазір саперлер тобы тазалау жұмыстарын бастады. Бұл жұмыс аяқтала салысымен, тұрғындарға үйлеріне оралуға рұқсат етіледі.

Н. Біләл