Русский Сайттың толық нұсқасы

Облыстық ауруханаға түскен 49 адамның ішінде бір әскери қызметкер бар

  • AstanaTV
  • 24 маусым 2019
  • 3613

Шымкенттегі облыстық ауруханаға жарылыстан жарақат алған 50 шақты науқас түсті. Оның біреуі әскери қызметкер. Дәрігерлер оның ес-түссіз жатқанын хабарлады. Қазір тілшіміз Айзада Төребекқызы ауруханада. Телефон арқылы өзге де науқастар туралы ақпарат беруге әзір. Айзада, тыңдап тұрмыз....

Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери қоймадағы жарылыстан ауруханаға түсіп жатқандар әлі де сиремеген. Облыстық клиникалық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Елдос Сұлтановтың мәліметінше дәл қазіргі уақытқа дейін 49 адам жүгінген. Соның 25-і ауруханада тиісті емін қабылдап жатыр. Медициналық мекемеге жеткізілгендердің бірі әскери адам. Зардап шеккендер негізінен травматология, нейрохирургия және жансақтау бөлімшелеріне жатқызылыпты. Науқастардың ішінде төртеуінің жағдайы өте ауыр дейді дәрігерлер. Екі науқасқа хирургиялық операция жасалған.  

Елдос СҰЛТАНОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Біреуіне жарақаты өкпе жыртылған себебінен операция болды. Екіншісіне жамбас сүйегінің сынып, қуықтың жарылуына байланысты өта жасалды. Одан бөлек екі науқас өте ауыр жағдайда.Оның бәіреуі әскери қызметкер. Жабық бас ми жарақатын алып кома жағдайында келді. Қазір демалу аппаратында. Кома жағдайында тағы бір науқас.... 

Рахмет, Айзада. студиямен тікелей байланысқа шыққан тілшіміз АйзадаТөрекбекқызы. Айта кетейік, бұған дейін мамандар барлығы 70-тен аса адамның ауруханаға түскенін хабарлады. Өкінішке орай, көлігіне снаряд түскен бір ер азамат қаза тапты.