"Қырғыз темір жолы" Ұлттық компаниясы Арыс үстімен өтетін Бішкек-Мәскеу бағытындағы жолаушылар пойызын тоқтатты. Ақпаратты қырғыз телеграф агенттігі хабарлады. Ал бұған дейін "Жолаушылар тасымалы" АҚ қауіпсіздік үшін Арыс арқылы қатынайтын 13 пойыздың тоқтатылғанын хабарлады. Ал жолға шыққан 4 мыңдай жолаушы Арыстағы жарылыс тоқтамайынша, шағын стансаларда аялдай тұратын болады. Ал төтенше жағдайға байланысты Алматы, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістаннан шығатын пойыздар ертең таңғы сағат 10-ға дейін жолға шықпайтыны хабарланды. Теміржолшылар бұған түсіністікпен қарауға шақырып отыр.