Русский Сайттың толық нұсқасы

Жарылыстан қаза тапқандар саны 2 адамға жетті

  • AstanaTV
  • 25 маусым 2019
  • 2303

Арыстағы жарылыстан қаза тапқандар саны 2 адамға жетті. Көлігіне снаряд құлап мерт болған қала тұрғынынан бөлек, әскери қызметкер қайтыс болған. Оның денесі әскери бөлім аумағынан табылған. Жапа шеккен 15 ересек адам мен екі бала жансақтау бөлімінде жатыр.Олар дәрігерлер бақылауында. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты. Ал Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, барлығы 165 адам медициналық көмекке жүгінген. Олардың 89-ы Шымкент қаласы мен Түркістан облысындағы ауруаналарға жеткізілген. Олардың 18-і - бала, 13-і аяғы ауыр әйел.

Елжан БІРТАНОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:

Медициналық көмек көрсету үшін 22 жедел медициналық бригада жұмылдырылған. Оның ішінде төртеуі Жамбыл облысынан жіберілген. Қазіргі күнде қосымша 12 бригада дайындықта отыр. Сонымен қатар санитарлық екі вертолет дайын болып отыр. Алматы қаласынан көмек көрсету үшін екі мультидисциплинарлық бригада жіберліді

Ә. Өмірзақ