Русский Сайттың толық нұсқасы

Президент Арыс тұрғындарымен кездесті

  • AstanaTV
  • 25 маусым 2019
  • 2699

Арыс қаласы жарылғыш заттардан толық тазартылуы керек. Аймаққа арнайы барған президент Қасым-Жомарт Тоқаев осындай тапсырма берді. Мемлекет басшысы Арыстағы жағдайды көзімен көріп, жапа шеккендерге көмек көрсетілетінін мәлімдеді. Президент абдырап қалған жұртты сабырға шақырды. Айдаза Төребекқызы толығырақ баяндайды. Айзада....

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Қайырлы күн, Ақерке! Түнде Арыс қаласындағы жағдайды көзбен көру үшін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев келген болатын. Ол келе сала оқиға орнында болып, қаңырап қалған қаланы аралап көрді. Аураханада жатқан жараланғандардың жағдайымен танысты.

Үйіміздің, бала-шағымыздың қайда қалғанын білмей қалдық.  

- Бәрі жақсы болады енді. Ем болсын!

Шұғыл жиын өткізіп, мән-жайға қанығып, зардап шеккен халықпен де арнайы жүздесті.  

Айта кетейін, эвакуциаланған халықтың басым бөлігі туған-туыстарына жайғасқан. Шамамен екі мыңнан астамы ғана мектептерге орналастырылыпты. Ел Президенті үрейі әлі де сейіле қоймаған мектептегі халықпен жүздесіп, олардың жағдайларына қанықты. Елді сабырға шақырып, ешкімнің де назардан тыс қалмайтынын айтты.  

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

- Ремонт бәрін жасап береміз. Үкімет ақшаны, қаражатты санайды, қанша керек... содан кейін қаражатты бөлеміз..Ремонт жасап береміз...

- Тем более күйеуім мүгедек, істей алмайм мен...

- Жақсы, түсініп отырмын. Бәрі дұрыс болады. Әдейі келіп отырмын...

Әскери бөлімшенің қоймасында шыққан жарылыстан Арыста 19 үй өртеніп, тоғыз қосалқы нысан бүлінген. Тіпті кейбір баспаналарда түн жарымына дейін әлі жалын сөнбегепті. Абырой болғандар отбасы мүшелері аман.  

-Какой снаряд?

- Реактивный

- Здесь взорвалась да... 

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

С самого начало этот склад должен быть убран за черту города как минимум. Но он остался по разным причинам. После всех этих взрывоа всех надо убрать оттуда. Арыс жолжен полностью очищен от всякого рода взрывногоь устройства. Это мы сделаем. Все, продолжайте работать. - Есть!

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Жарылыс пен өрт аумағынан құтқарылған адамдар көршілес аудандардан бөлек, Шымкент қаласындағы бірнеше мектеп пен колледждерге жайғастырылған. Жергілікті әкімдіктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сай барлығы киім-кешек, азық-түлікпен, түннен бері қамтылып жатыр. Қайырымды азаматтар заттай және ақшалай жәрдемдесуде. Ақерке, мендегі бар ақпарат әзірге осы.

А. Төребекқызы