Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодар облысында Арыс қаласының 300-ден астам баласын сауықтыру лагеріне қабылдауға әзір

  • AstanaTV
  • 25 маусым 2019
  • 2781

Павлодар облысы төтенше жағдай жарияланған өңірдің 300-ден астам баласын сауықтыру лагеріне қабылдамақ. Мұны облыс әкімі Болат Бақауов өзінің инстаграмдағы парақшасында хабарлады. Аймақ басшысы Арыстағы жағдайға алаңдаушылық білдіріп, қиын сәтте алыстағы ағайынға қол үшін беру үшін көмек жинау пунктері ашылғанын да жазды. Білім беру басқармасының мәліметінше, өңірде жалпы саны 12 лагерь бар. Олардың 9-ы арыстық оқушыларды қабылдамақшы. Балаларға көмек көрсету үшін қажетті шаралардың барлығы жасалмақ. Демалушыларға Кереку өңірінің көрікті жерлері мен киелі орындары таныстыру жоспарлануда. Оның ішінде балаларды Баянауылдағы лагерлерге жіберу көзделген. 

Лаура ДҮЙСЕПОВА, БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:

Әрине, бұл балалар үлкен күйзеліске түсті. Сондықтан оларға психологтар қажет, тәрбиешілер медициналық қызметкерлер. Содан кейін олардың сауықтыру бағдарламаларын соны барлығын қарастырып жатырмыз. Қазіргі кезде ұйымдастыру жұмыстарын атқарып жатырмыз.

Арыс қаласының балалары Шығыс Қазақстан облысының сауықтыру лагерлерінде де демалуына мүмкіндік бар. Мұндай шешімді Арыс тұрғындарына көмек ұйымдастыру штабының мамандары қабылдады. Білім беру басқармасы бүгін арыстық балаларды қабылдайтын лагерлер мен орындар санын анықтамақ. Сондай-ақ, балаларды Арыс қаласынан ШҚО-на жеткізуді де қамтасыз етпек. Бұдан бөлек, арыстық зейнеткерлерді де Шығыстағы сауықтыру санаторийлерінде емдеу шаралары жүргізілмек. 

Ө. Қуанар