Русский Сайттың толық нұсқасы

Арыстағы жарылыс кезінде аяғы ауыр әйелді босандыруға көмектескен мұғалімдер марапатталды

  • AstanaTV
  • 26 маусым 2019
  • 2755

Арыстағы жарылыс кезінде аяғы ауыр әйелді босандыруға көмектескен мұғалімдер марапатталды. Бұл ерлігі үшін оларға Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов алғыс хат табыстады. Жарылыс басталған кезде түрлі өңірлерден келген министрлік өкілдері ҰБТ-ның аппеляцияға қатысты отырысында болдық, дейді. Өтіп бара жатқан көліктің біріне мінген олар жолдан жүкті әйел мен акушерді көріп, өздерімен бірге ала кеткен. Олар жолда акушерге көмектеседі. Өмірге Камила есімді қыз дүниеге келген.

Балбөпе ӨТЕНОВА, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ӨКІЛІ: 

Келіншектің өзі машинада келе жатқанда қатты қиналып, қысылып келе жатыр. Сонда риза болғаннан жүргізушіге айтып жатыр, атың кім деп. Ол - Досмұхамед деді. Егерде ол ұл бала болған жағдайда сенің атыңды қояр едім, бірақ узи маған қыз бала деді. Сосын бәріміз бір ауыздан айттық, ол баланың анасы бар ғой, соның атын қояйық деп. Онда сіздің анаңыздың атын қоямыз деп Камила деп қойдық. 

Ә. Өмірзақ