Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматылықтар 100 млн теңгеден астам қаражат жинады

  • AstanaTV
  • 27 маусым 2019
  • 2065

Арысқа көмек беруден алматылықтар да қалыс қалған жоқ. Үш күннен бері бас-аяғы 100 миллион теңгеден астам қаржы жинап, 150 тонна құрылыс материалдары мен 1 тоннадан астам киім-кешек жөнелткен. Бүгінде нұротандықтар камаз толы жүкті Арысқа жөнелтті. Көбі азық түлік пен киім-кешек. Асарға мұрындық болған партия мүшелерінің айтуынша, «көмектесемін» деген азаматтарға шектеу жоқ. Қазір Алматыда екі жерде мобильді қабылдау пункті жұмыс істеп тұр.  

Арман ХАЛБЕКОВ,  «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Жүз палаткалер жібердік. Кеше ғана біз құрылысқа қажетті 7-8 камаз құрылыс өаттарын жіберген болатынбыз. Және де тұрмыстық қажетілікке байланысты азық-түлік бар, киім-кешектер бар, кішкентай балаларға киім, тағам барлығын бүгін жөнелтіп жатырмыз.