Русский Сайттың толық нұсқасы

Астана күнін тойлауға бөлінген бюджет 3 есе қысқартылды

  • AstanaTV
  • 28 маусым 2019
  • 3367

Астана күнін тойлауға бөлінген бюджет 3 есе қысқартылды. Бұл жолы ашық аспан астындағы гала-концерт өтпейді. Шетелдік жұлдыздар да келмейді. Бүгін брифингіде Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Қанәлімов осылай деді. Көбінесе тегін іс-шаралар ұйымдастырылады. Бірақ мерекеден толықтай бас тартуға болмайды деді әкімдік өкілі.

Ерлан ҚАНӘЛІМОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Шамамен 300-400 млн тг жұмсалады. Бұл бұрынғы шығындардан әлдеқайда аз. Тек мәдени іс-шараларды ғана емес, нысандарды абаттандыру, қауіпсіздік, техникалық құрылғыларға да бөлінетін қаржы қысқартылды.

Әкімнің орынбасары осы жексенбіге жоспарланған митингіге де қатысты ой білдірді. «Байтақ-Болашақ» экологиялық альянсының жетекшісі Азаматхан Әміртай бейбіт акция өткізуге рұқсат алған болатын. Онда жалақы мен жұмыссыздыққа байланысты мәселелер көтерілмек. 

Ерлан ҚАНӘЛІМОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Ұйымдастырушыларға талаптар бар заңға сәйкес. Олар қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек, біріншіден. Ол жерде тәртіп сақтауы керек, екіншіден. Және де ертең ол жерде қандай да бір арандатушылық құқықбұзушылықтар болса, біреу зардап шегетін болса немесе қалалық инфраструктураның объектілері қирайтын болса, ол ұйымдастырушылар жауап беретін болады.