Русский Сайттың толық нұсқасы

Шығысқазақстандықтар Арыстағы жарылыстан жапа шеккен тұрғындар үшін қан тапсырды

  • AstanaTV
  • 28 маусым 2019
  • 2288

Шығысқазақстандықтар Арыстағы жарылыстан жапа шеккен тұрғындар үшін қан тапсырып жатыр. Төтенше жағдай мен колония қызметкерлері, әскери сарбаздар, жастар мен тілшілер игі бастаманы қолдап, Арыс халқына қол ұшын созуға ниет білдірген. Облыстық қан орталының донорлық бекеті Аманжолов атындағы жергілікті университетте орналасқан. Қан тапсырған азаматтарға құзырлы мекеме мың теңгеден төлейді. Ал акция қатысушылары бұл қаражатты Арыс қаласының арнайы шотына аудармақ. Ұйымдастырушылар бұдан бір миллион теңге жинауды көздеп отыр. Ал кей тұрғындар қан тапсырып қана қоймай, азық-түлік әкеліп, қосымша көмек көрсетуде. 

Арайлым ЕСІМБЕКОВА, «ШҚО ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» КММ ДИРЕКТОРЫ: 

Әркім өз мүмкіндігінше, жүрегінің қалауынша көмектеседі. Ал бұл жерде кез келген ереікті көмектесе алады. Бұл жерде қан тапсыру арқылы мың адамнан бір мың теңгеден бір миллион теңге жинауды жоспарлап отырмыз. Және де қанның құрамындағы барлық құрамдас бөліктері кез келген уақытта кез келген жерде қажет екенің түсінеміз. Сондықтан біз бір акциямен қаншама адамға көмек беруді жоспарлап отырмыз.  

А. Құрманкин