Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда автобус аударылып, бір адам зардап шекті

  • AstanaTV
  • 01 шілде 2019
  • 3021

Алматыда жолаушылар автобусы айналма жолдан аударылып кетіп, бір адам зардап шекті. 30 жастағы азамат ауруханаға жеткізілген. Ал оның жүргізушісі мен ішіндегі тағы екеу дін аман. Олар апатқа дейін автобустағы 50-ге жуық жолаушыны қаладағы «Сайран» автобекетінен түсіріп кетіпті. «Түркістан-Алматы» бағытындағы автобус Кентау қаласынан жолаушы тасымалдап келіпті.  

Қанат ТАСБОЛАТ, ЖҮРГІЗУШІНІҢ КӨМЕКШІСІ :

Адам түсіріп келе жатқанбыз. Сонымен мына жерге су шашқан қаланы шаюға. Қызып келе жатқан баллон, тормоз ұстамай кетіп қалды. Әйтпесе скорость пен келіп , ондай ештеме болған жоқ.

Жол апаты Саин мен Райымбек даңғылының қиылысындағы жолайрықта болған. Қазір полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. 

Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: 

Бұл іске, Алатау аудандық Ішкі Істер басқармасының әкімшілік тәжірибе бөлімі қызметкерлері кірісіп кетті. Міндетті түрде сараптамалар тағайындалады. Оның ішінде, автотехникалық сараптама, яғни осы жол көлік оқиғасына әкеліп соқтырған факторларды анықтау мақсатында, бір болжам бойынша автокөліктің жүргізушісі ұйықтап кетуі мүмкін содан соң тізгінге ие бола алмады.