Русский Сайттың толық нұсқасы

Бүгін таңертең Арыс қаласынан 200 бала Нұр-Сұлтан қаласына жеткізілді

  • AstanaTV
  • 01 шілде 2019
  • 2860

Бүгін таңертең Арыс қаласынан 200 бала Нұр-Сұлтан қаласына келді. 5-7-ші сынып оқушыларын қала әкімімен қатар мерекелік оркестр және түрлі мультфильм кейіпкерлері күтіп алды. Барлық бүлдіршіндер Елордаға 20 жетекшінің қарауымен жеткізілді. Қызық демалыс күткенімен, көбі жарылысты әлі де ұмыта қоймаған. 

Гүлсезім ЛЕСБЕК, АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ :

Бүгінгі көңіл-күйім өте жақсы. Мына Нұр-Сұлтан қаласындағы ағайларға, апайларға көп-көп рақмет. Өйстіп бізге көмек беріп жатқанына. 

Қала жеткізілген балалар 10 күндей болады, дейді қала билігі. Кейіннен тағы жаңа топ жеткізіледі. Қарастырылған барлық іс-шаралар демеушілердің қаражатына өткізіледі. 

Алтай КӨЛГІНОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ :

Негізінен біз 500-ден 1000 балаға дейін ұйымдастыра аламыз. Себебі қазір каникул кезі. Осындай жақсы бағдарлама болсын деп. Әсіресе алдағы уақытта іс-шаралар көп. Соның барлығын біз алдағы уақытта ұйымдастырғымыз келеді. 200 баланың барлығы бір жерде жатады. Колледждің, университеттің жатақханасында. Себебі оған біз жауап береміз. Ата-анасы бізге сеніп жіберіп отыр. Сондықтан соның барлығы қатаң бақылауда болады.