Русский Сайттың толық нұсқасы

Ресейдің Иркутск облысында тасқынның беті қайтқаннан кейін өңірге эпидемия қаупі төніп тұр

  • AstanaTV
  • 02 шілде 2019
  • 1942

Ресейдің Иркутск облысында тасқынның беті қайтқаннан соң эпидемия қаупі төнуі мүмкін. Бұл жайында денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас маманы Елена Малинникова хабарлады. Оның айтуынша, аймақта кеміргіштер таситын ішек инфекциясы мен геморрагиялық қызба белең алуы ықтимал. Қызыл су сейілген соң, аталған дертті жұқтыру қауіпі шамамен бір айға жалғасады, деп мәлімдейді Известия агенттігі. Жергілікті халыққа жануарлардың өлі денесін ұстамауға және тек қайнатылған ғана суды тұтынған жөн, дейді олар. Қазір өңір тұрғындарына дизентирияға, А гепатиті мен іш сүзегіне қарсы екпелер жасалып жатыр. Соңғы ақпаратқа сүйенсек, Иркутск облысында тасқыннан алты жарым мыңнан астам үйді су басып, 16 адам бақилық болды. Өңірдің алты бірдей ауданында төтенше жағдай жарияланған. Қазір судың деңгейі төмендей бастапты. Ал Ресей президенті Владимир Путин қорғаныс министріне тасқыннан жапа шеккен жұртқа көмекті ұлғайтуды тапсырды. 

А. Құрманкин