Русский Сайттың толық нұсқасы

Арыстық тұрғындардың несие өтеу мерзімі кейінге қалдырылды

  • AstanaTV
  • 03 шілде 2019
  • 2577

Арыс тұрғындары үшін жыл аяғына дейін салық каникулы жарияланды. Мұны Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлады. Бұл мәселе үкімет отырысында да көтерілген болатын. Қазір қалада 800-дей заңды тұлға, 3 мыңнан аса кәсіпкер бар. Ал жеке тұлғалар саны 65 жарым мыңға жуық. Ал "Халық банкі" Арыстағы соңғы оқиғаға байланысты шілде айынан бастап, келесі жылға дейін клиенттердің негізгі қарыздарын жарты жылға шегеру туралы шешім шығарды. Оған қоса сыйақы есептеуді тоқтатпақ. Бұл туралы банк жазбаша хабар таратты. Қалада 3 жарым мыңнан астам адам осы банктен несие алған. Хабарламада олардың жалпы қарызы 3 млрд теңгеден асатыны жазылған.

Досбол АРЫСТАНБЕКОВ, «HALYK BANK» АҚ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:  

Яғни кредит бойынша сыйақы есептемейтін болады. Осы Арыс қаласының жеке тұлғарары болсын, заңды тұлғалары болсын, кәсіпкерлері болсын осы 1 шілде 2019 жылы келесі жылдың 1 қаңтарына дейін кредит өтеу мерзімін 6 айға созады.  Қазіргі таңда жалпы 1 миллиардтан астам сыйақы сомассы банк тарапынан алып тастады.

Ә. Лесбек