Елдегі мемлекеттік бағдарламалар «қаржы матрешкасы» сияқты бірінің ішінен бірі шыға береді. Бүгін Мәжіліс төрағасы халықты жұмыспен қамтуға арналған бағдарламаларға қатысты осылай сын тақты. Ұлттық экономика министрлігі үш жылдыққа арналған бюджетте жаңа жұмыс орындарын ашып, микроқаржыландыруға 53 млрд тг сұратқан. Депутат Арман Қожахметов "нарық қажеттілігі әлі зерттелмесе, бұл сома қалай есептелген» деп төте сұрақ қойды. Руслан Дәленовтің жауабына қанағаттанбаған Мәжіліс төрағасына жағдайды Еңбек министрі түсіндірді.
Бердібек САПАРБАЕВ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ:
Маман қажеттілігі бойынша талдау жасағанбыз. Еңбек ресурстарына мұқтаждықты анықтауға ұлттық жүйе жасақтадық. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының аясында «Жас маман», «Жас кәсіпкер» жобалары іске асырылғанын білесіздер. Соның негізінде біз ел экономикасына 100 мамандық қажет екенін анықтадық.
Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
У нас откровенно говоря, программа, программаның ішінде программа. Просто финансовая матрешка. Поэтому бедный Руслан Ерболатович никак разобраться не может, 53 млрд разложил, а когда, по какой программе, откуда потребность - не знает. Надо тогда, Бердібек Машбекович, дать министерству национальной экономики куда эти 53 млрд будут расходываться.
Бүгін мәжілісте 2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджетке кезекті рет түзетулер енгізуге арналған заң жобасы мақұлданды. Онда кешірілетін, жеңілдетілетін несиелер мен Арыстағы төтенше жағдайға кететін шығындар ескерілген.
Д. Қайыртай