Русский Сайттың толық нұсқасы

Теңіздегі төбелеске қатысы бар бір адам ұсталды - ІІМ

  • AstanaTV
  • 03 шілде 2019
  • 2029

Теңіздегі төбелеске қатысы бар негізгі бір адам ұсталды. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қақтығыс бойынша бірнеше қылмыстық іс қозғалғанын жеткізді. Араздасқандардың әрқайсысы қылмыс сипатына қарай жазаға тартылатынын да айтып отыр. Бұдан бөлек, тағы бірнеше күдікті анықталған.

Ерлан ТҰРҒЫМБАЕВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ:

Қазақстан азаматтары бар. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Қанша адам жауапқа тартылады әлі айта алмаймын. Санын айта алмаймыз! 

Кейбір басылымдар кен орнындағы қақтығыстан соң шетелдіктер Қазақстаннан кетіп жатқанын хабарлады. Ливанның 125 азаматы мен Consolidated Contractors компаниясындағы иорданиялықтар өз отандарына қайтқан. Бұл туралы сол елдің жергілікті ақпарат құралдары хабарлап отыр. Қазақстандағы Ливан елшісі Джескар Хури азаматтардың барлығы дін аман екенін жеткізді. Иордания азаматтары да жеңіл-желпі жарақат алғандарын айтқан. Бірақ кейбірі Қазақстанға енді қайтып келгісі жоқ екенін хабарлапты. {АУЫЗША:} Ал Теңізшевройл компаниясы қанша шетелдіктің ел асып кеткенін айтады. Олардың ауысымға түскені не Қазақстаннан біржола кетіп жатқаны да белгісіз болып отыр. 

А. Бектас