Русский Сайттың толық нұсқасы

Үздік домбырашылар марапатталды

  • AstanaTV
  • 03 шілде 2019
  • 2593

Елордада «Домбыра күніне» орай үздік күйшілер, термешілер мен дәстүрлі әншілер марапатталды. Мектеп оқушылары арасындағы байқау екі күнге созылды. Оған елдің өңір-өңірінен 35 бала келген. Өнерпаздар үш аталым бойынша бақ сынасты. Қазылар алқасының шешімімен жеңімпаз деп танылғандар диплом мен бағалы сыйлықтарға ие болды. Конкурсанттар бағдарлама бойынша қаланың көрнекі жерлеріне экскурсия да жасады. Жарысты ұйымдастырушы - «Жас Отан» жастар қанаты мен «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы. 

Дәулет КӘРІБЕК, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ «JAS OTAN» ЖАСТАР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:  

Бұған еліміздің 17 аймағынан бүкіл жастар қатысуда. Осы республикалық турнир өткенге дейін облыстық деңгейде де бізде жастар іріктеліп алып, кіл жүйріктер осы біздің турнирге қатысып отыр.

Бекасыл САБЫРОВ, «ҮЗДІК КҮЙШІ» АТАЛЫМЫ БОЙЫНША 1-ОРЫН ИЕГЕРІ: 

Бұл республикалық конкурсқа «Көк ала ат» күйімен келдім. Домбыраға қатысқаныма 6 жыл болды. Атырау қаласындағы көптеген конкурстардың жүлдегерімін. Республикалық дәрежедегі байқауларға да қатысып жүрмін. Одан да жақсы дәрежеде өнер көрсетіп жүрмін. 

Д. Қайыртай