Русский Сайттың толық нұсқасы

"Абу-Даби Плаза" жұмысшыларының талабына байланысты арнайы комиссия құрылды

  • AstanaTV
  • 03 шілде 2019
  • 2015

"Абу-Даби Плазаның" жүздеген жұмысшысы тағы да бас көтерді. Митингке шығуға шетелдік құрылысшыларға қарағанда еңбекақы, жұмыс уақыты, тіпті түскі ас берудегі теңсіздік себеп болған. на қатысты проблемаларды шешуді талап етті. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев аталған жағдайға қатысты арнайы комиссия құрылғанын мәлімдеді. Министр заңбұзушылық анықталған жағдайда, құқық қорғау органдарымен бірлесіп шара қабылдауға уәде берді. Министр "Абу-Даби Плазаға" қатысты мәселеге нүкте қоюға ниетті. 

Бердібек САПАРБАЕВ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ:  

Қазақстандық және шетелдік жұмысшылар қанша алатынын осы комиссия анықтайды. Еңбек кодексіне сәйкес, егер еңбек ету шарттары бірдей болса, төленетін жалақы да бірдей болуы тиіс. Бастапқы талап мынадай болды. Біріншісі, түскі асқа қатысты. Жұмыс берушілер түскі ас үшін 500 теңге төлейді. Ал шетелдік жұмысшылар арнайы асханада тамақтанады екен. Қазақстандықтар 500 теңге аз, үстіне қосу керек деп отыр. Екіншісі, жұмыс уақытына қатысты. Ал үшінші талап - жалақы мәселесі. 

Н. Біләл