Русский Сайттың толық нұсқасы

Нұротандықтар Шымкентте қоғамдағы арандатушылық әрекетке қарсы митингі өткізді

  • AstanaTV
  • 04 шілде 2019
  • 2625

Шымкентте нұротандықтар қоғамдағы арандатушылық әрекетке қарсы митингі өткізді. Онда 27-ші маусым күні заңсыз ереуіл кезінде оғаш қылығымен көзге түскен жас жігіт көпшіліктен кешірім сұрады. Ол сол күні «Nur Otan» партиясы филиалының ғимаратындағы партия жалауын жұлмақ болған. Арыс қаласының 18 жастағы тұрғыны өз әрекетінің дұрыс болмағанын мойындап, бүлікшілердің сөзіне еріп арандап қалғанын да жасырмады. Партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек жастықпен жасаған қателікті қайталамауға шақырды.

Бауыржан БАЙБЕК, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: 

Әлі жас қой, әлі 18-ге толмаған. Көрініп тұр өте жақсы, қарапайым. Қаны қозып,.. қай қазақтың қаны қозбайды. Сондықтан болашақта осындай қате жасама. Енді біз «Nur Otan» партиясы атынан оған жауаптымыз. Қарапайым ата-анасы бар менің естуім бойынша. Болашақта осындай туды, Ту деген ол өте қасиетті ұғым, біздің ата-бабаларымыз туды ұстап.. ту деген білесің ғой не екенін, сондықтан ешқашанда осындай адамдардың сөзіне ермей, өз таңдауыңды жасау керек.

Бауыржан Байбек нұротандықтарды халықпен тығыз жұмыс істеп, жастар тәрбиесіне баса мән беріп, азаматтардың мәселесін шешуге атсалысуға шақырды. Митинг соңында қалалық филиал алдындағы ту салтанатты түрде жоғары көтерілді.

А. Төребекқызы