Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылжарда қала билігі пайдаланылмай бос жатқан 25 жер учаскесін тәркілеген

  • AstanaTV
  • 04 шілде 2019
  • 1736

Қызылжарда пайдаланылмай бос жатқан жерлер тәркіленіп жатыр. Жергілікті әкімдік соңғы үш жылдың ішінде 25 жер учаскесін қайтарып алған. Оның бесеуі аукцион арқылы қайтадан кәсіпкерлерге сатылса, қалған жиырмасы коммуналдық меншікке өткен. Мәселен, қаланың шетінде орналасқан 20 гектар жер 10 жылдай игерілмей бос жатыпты. Билік өкілдері оны сот арқылы тәркілеген. Енді бұл жерде көпсалалы аурухана тұрғызу жоспарланып отыр. Жалпы, аталған жер телімдері екі мыңыншы жылдары кәсіпкерлерге арзан бағаға сатылыпты. Жер иелері оны кәдеге жаратпаған соң өтемақыдан қағылған. Шенеуніктер алдағы уақытта тағы елу шақты жерді қайтарып алуды көздеп отыр. 

Жомарт ЕРКІН, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

48 жер учаскесінің иесіне ескерту жібердік. Егер олар әлгі жерде бір жылдың ішінде ештеңе тұрғызбаса, онда прокуратура мен жер инспекциясының көмегімен бұл учаскілер тәркіленетін болады. Артынша ол жерлер аукцион арқылы сатылады. Егер оны ешкім алмаса, онда жер телімдері коммуналдық меншікке өтіп, қаланың қажеттілігіне пайдаланылады.

А. Құрманкин