Русский Сайттың толық нұсқасы

Арыста снарядтар қалдығын жинау кезінде оқ-дәрі атылды

  • AstanaTV
  • 05 шілде 2019
  • 1848

Арыста снарядтар қалдығын жинау кезінде оқ-дәрілер атылып, өрт шықты. Қорғаныс министрлігі ешкім зардап шекпегенін мәлімдеді. Ведомство өкілдері инженерлік-саперлік бөлімше жұмысы аяқталмайынша арсенал аумағына жақындауға тыйым салынғанын хабарлады. Ал Денсаулық сақтау министрлігі Арыстағы жарылыстан зардап шеккендердің 19-ы әлі де ауруханада екенін хабарлады. Үш адам, оның ішінде 2 бала жансақтау бөлімінде. Министр Елжан Біртанов 7 және 17 жастағы баланың хәлі нашар деп отыр. Оның бірі елордада, ал жасөспірім Шымкент ауруханадасында. Еске салайық, жарылыс кезінде жарақат алған 3 адам қаза тапқан еді.