Русский Сайттың толық нұсқасы

Электронды цифрлық қолтаңба қолданыстан шығарылады

  • AstanaTV
  • 05 шілде 2019
  • 2695

Электронды цифрлық қолтаңба қажетті қызметтерді алуды тежейді. Сондықтан Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы ол ақырындап қолданыстан шығарылады деді. Анар Жайылғанованың сөзінше, цифрлық қолтаңбаны алудың машақаты көп. Алдымен Халыққа қызмет көрсету орталығына бару керек, қолда арнайы бағдарламасы бар компьютер болуы қажет. Сосын деректерді әрдайым жаңартып отыруға тиістісің. Бұған көп адам уақыт бөле алмайды. Сондықтан оны бірреттік SMS-парольмен немесе бірыңғай сәйкестендіру нөмірімен алмастыру ұсынылып отыр. Ал жыл соңына дейін мемлекеттік қызметтің 81 түрін электронды форматта алуға мүмкіндік жасалмақ. 

Анар ЖАЙЫЛҒАНОВА, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ:

Электронды қолтаңбалардан бас тартамыз. Ал жұмыс берушілер мен түрлі ұйымдар сұрататын 62 түрлі анықтама мен құжаттарды реестрден мүлдем алып тастаймыз. Оны сұратқан ұйым азаматтарды мазаламай, өздігінше ақпараттық жүйеден ала береді. Кейбір қызметтерді электронды үкімет порталы, телеграм-бот және мобильді қосымшалар арқылы да алуға болады.

Ведомство басшысы мемлекеттік қызметкерлердің қоғамдық орындарда мас жүруіне де қарсы екенін білдірді. Олар жұмыстан бос уақыттарында да көңіл көтеру орындарына бармауы керек деген позициясын кесіп айтты. Анар Жайылғанова "Этика бойынша уәкілетті мамандардың жұмысы күшейтіледі" деді. 

Д. Қайыртай