Русский Сайттың толық нұсқасы

6 шілде күні рұқсат етілмеген митингте Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларынан 100-ден аса адам ұсталған

  • AstanaTV
  • 09 шілде 2019
  • 1989

6 шілде күні рұқсат етілмеген митингте Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларынан 100-ден аса адам ұсталған. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді. 44 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты. Министрдің айтуынша, полиция арнайы күш көрсету құралдарын қолданбаған. Ал көшеге шыққандар Алматыдағы Абай, Елордадағы Республика даңғылдарындағы қоғамдық көлік қозғалысына ғана емес, тұрғындардың да демалысына кедергі келтіргені үшін кінәлі. Министрдің айтуынша, олар экстремистік ұйымның арандатуына ерген.

Ерлан ТҰРҒЫМБАЕВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ :

19 адам әкімшілік қамауға алынды, 23 азаматқа айыппұл салынды. Қалғандарының бәрімен әңгімелесу өткізіп, босаттық. Бұған дейін бас прокуратура да рұқсат етілмеген митинг үшін жауапкершілік бар екенін ескерткен. Біз бұған дейін митингті ұйымдастырушы, қаржыландырушы екі азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғадық. Олардан алтыншы шілдеге дайындаған бояу баллондары, дауыс күшейткіштер, түтіндеткіштер табылды.

А. Сейфулла