Русский Сайттың толық нұсқасы

Маңғыстау облысының далалығында қалған аққулар құтқарылды

  • AstanaTV
  • 10 шілде 2019
  • 5549

Маңғыстау облысының далалығында қалған аққулар құтқарылды. Алайда тірі табылған 5 аққудың үшеуі ғана тірі қалған. Табиғат қорғау инспекторлары айдынсыз қалған қанаттыларды Қаракөлге жіберді.

Ғаббас ДОСАТОВ, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Аққулардың миграциясы Маңғыстау облысының үстімен өтеді. Өткенде көп жаңбыр болды. Сол кезде тақырларға сулар толып қалған. Сол жерлерге бәлкім қонған болу керек. Жемі аз, сондықтан әрі қарай ұша алмай қалған. Біреуі жолда өліп қалған. Үшеуін міне аман-есен көлге жібердік.

Инспекторлар аққулар туралы дер кезінде хабарлаған шопанға алғысын білдірді. Елсіз жерде 6 аққуды Боранқұл ауылындағы шаруа қожалығының иесі тауып алған. Оның бірі сол кезде-ақ өліп қалған. Шаруа ол далалықта өлген аққудың қасында тапжылмай отырған 5 аққуды бейнеге түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген. Инспекторлар аққуларды Ақтауға дейін 650 шақырым жерден алып келген.