Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ Иранға қарсы санкцияны күшейтпек

  • AstanaTV
  • 11 шілде 2019
  • 3438

АҚШ Иранға қарсы санкцияны күшейтпек. Бұл туралы Дональд Трам твиттердегі парақшасында жазды. Ол Иранды уранды байыту мөлшерін біраздан бері жасырын арттырып келген деп айыптап отыр. Австрияда өткен МАГАТЭ халырақалық ұйымына мүше елдердің жабық отырысында Иранның уран байыту мөлшерін 4,5 пайызға дейін көтеріп жібергені айтылды. Ал келісім-шарт бойынша ол 3,67 пайыздан артық болмауы тиіс еді. 

Дональд ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:

Иран Джон Керримен және Обама әкімшілігімен 150 млрд долларға жасалған түкке тұрғысыз шартты қашаннан бері бұзып, уранды жасырын байытып келеді. Есте сақтаңыздар, бұл шарт бірнеше жылдан кейін жойылу керек болатын. Енді санкция көлемі едәуір артады.

МАГАТЭ ұйымы Иран уран байыту мөлшеріне қатысты шектеуді екі аптада екі рет бұзғанын мәлімдеген еді. Бұл туралы Рейтерс жазды. Кешегі МАГАТЭ-нің Венадағы жиналысында Иранның аталған ұйымдағы елшісі уран байыту мөлшері туралы мәселе шартта көрсетілмеген деп мәлімдеме жасады. Айтуынша бұл әр елдің өз құқығы. Ал қытайлық делегаттар ядролық келісімнен шығып кеткен АҚШ-тың шартты сылтауратып Иранды сынауы қисынсыз деп отыр. Сондықтан жиында Иранның шектен шығуынан бөлек, АҚШ-қа қатысты да қатаң сындар айтылған. 

Казем ГАРИБ-АБАДИ, АТОМ ҚУАТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АГЕНТТІГІНДЕГІ ИРАННЫҢ ТҰРАҚТЫ ӨКІЛІ: 

Біз мыңдаған плутоний өндіреміз. Білесіздер ме, уранды байытуға таратпау туралы шартта тыйым салынбаған. Бұл ядролық қаруды таратпау келісіміне мүше елдердің өз құқығы. Біздің жасап жатқанымыздың бәрі ашық, МАГАТЭ-нің бақылауында. Жасыратын ештеңеміз жоқ. 

А. Сейфулла