Русский Сайттың толық нұсқасы

Соңғы үш жылда жол құрылысы саласында жүз жемқорлық фактісі анықталған

  • AstanaTV
  • 11 шілде 2019
  • 2701

Соңғы үш жылда жол құрылысы саласында жүз жемқорлық фактісі анықталған. Бұл туралы бүгін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіндегі жиналыста айтылды. Ұсталғандардың ішінде «Қазавтожол», «Қазавтодор» компаниясының өкілдері, жергілікті әкімшілік қызметкерлері бар. Агенттік төрағасы орынбасарының айтуынша, Қазақстан 2018 жылы жол сапасы бойынша 140 елдің ішінде 106-шы орынға түсіп қалған. Олжас Бектенов кезінде істі болған, бірақ қазір де жол құрылысы саласында лауазымды қызметтерде жүргендерді атады.

Олжас БЕКТЕНОВ, СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

«Қазавтожолдың» Шығыс Қазақстан облыстық филиалын басқарған Өмірбаевтың бұрын жемқорлықпен сотталғанын анықтадық. Бұл дегеніңіз заңды тікелей бұзу. Тек біз араласқаннан кейін ғана қызметтен босатылды. 

А. Сейфулла