Русский Сайттың толық нұсқасы

Салық рақымшылығы басталады

  • AstanaTV
  • 12 шілде 2019
  • 3809

Шілденің 16-сынан бастап жеке тұлғалар үшін салық рақымшылығы жасалады. Иелігінде үй, жер, көлік секілді мүлкі барлар салығын төлесе, өсімпұл кешіріледі. Мұны бүгін Үкіметтегі баспасөз мәслихатында Қаржы вице-министрі айтты. Елде 1,5 млнға жуық адамның салықтық қарызы бар. Үкімет 6,6 млрд теңге сомасындағы өсімпұлды есептен шығарғалы отыр. Борышкерлер көбінесе Түркістан, Жамбыл облыстары мен Шымкент пен Нұр-Сұлтан қалаларында тіркелген. 

Қанат БАЕДІЛОВ, ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Салық төлеушілерге Мемлекеттік кірістер органдарына арнайы барудың қажеті жоқ. Мамандар олардың дербес шоттарын күнделікті тексеріп отырады. Негізгі қарыз төленген соң, олар өсімпұлды есептен шығарады.

Ал егер салық төлеуші бұған дейін негізгі қарызын өсімпұлымен қоса төлеп қойған болса, өсімпұл сомасы қайтарылады. Ол үшін жеке тұлға өз аумағындағы мемлекеттік кірістер органына өтініш жазуы тиіс. 

Д. Қайыртай