Русский Сайттың толық нұсқасы

Ангела Меркель ортостатикалық треморға шалдығуы мүмкін - Уве Янке

  • AstanaTV
  • 15 шілде 2019
  • 2243

Германия канцлері Ангела Меркель ортостатикалық треморға шалдығуы мүмкін. Бұл - өте аз зерттелген әрі сирек кездесетін дерт. Неміс неврологы Уве Янкенің мұндай болжамын британдық Daily Express жазды. Ауру адамға жайсыздық туғызғанымен, аса қауіпті емес, дейді дәрігер. Ангела Меркель осымен үшінші рет денесі қалтырап, көпшілік көзіне түскен еді. Алғашында бұл әрекетін ылғал жетіспегендіктен деп болжаса, кейін канцлер жауап беруден бас тартты. Меркельдің жағдайын тек кадрдан көрген дәрігерлер түрлі диагноз да қойған. Бірі препарат кері әсер етті десе, енді бірі диабет пен қалқанша без ауруы деп болжады. 

Ангела МЕРКЕЛЬ, ГЕРМАНИЯ ФЕДЕРАТИВТІК РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КАНЦЛЕРІ:

Біріншіден, бұл қызметіме аса жауапкершілікпен қарауыма байланысты болуы мүмкін. Екіншіден, адам ретінде мен де өз денсаулығыма алаңдаймын. Әрі денім сау болғанын қалаймын және оған аса мұқият қарауға тырысамын.

А. Бектас