Алматыда балалар құқығын қорғауға арналған «Біз болашақ ұрпақпыз» байқауының жеңімпаздары анықталды. Конкурсты «Нұр Отан» партиясының қолдауымен Generation Next жастар жобасы ұйымдастырған. Байқауға 7- 18 жас аралығындағы 137 бала қатысқан. Оның 11-і Алматы қаласынан. Жас буындар конкурс кезінде түрлі роликтер мен эссе жазған. Жұмыстардың басым бөлігі әлеуметтік желіден қорғану, жарқын болашаққа ұмытылу сынды тақырыптарға жасалған. Арасынан ең үздік деп танылғандар, үш баланың бірге түсірген бейнеролигі. Жеңімпаздарға түрлі сыйлықтар мен мақтау қағаздары табысталды.
Диана ЕРЛАН, БАЛАЛАР ҚҰҚЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕҢЕС МҮШЕСІ:
Байқау жеңімпаздарын анықтау оңайға соқпады. Әрқайсысының жұмыстары ерекше. Алайда бүгінгі жеңімпаздардың «кез-келген қиындықта бір-біріңе қол ұшын созу керек» атты ролигі өте әсерлі болды. Олардың жұмысы ең үздік деп танылды.
Сәуле КЕҢЕСХАНҚЫЗЫ, № 134 ЛИЦЕЙ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Республикалық байқауға мектебімізден үш бала қатысып, жеңімпаз атанып отыр. Олар өз еңбектерімен түрлі идеяларының арқасында үздік деп танылды. Біз өте қуаныштымыз. Жеңімпаздарым жазғы демалыста болғандықтан, бүгінгі марапаттауға келе алмады.
Ә. Лесбек