Русский Сайттың толық нұсқасы

«Астана банкінде» бұғатталған ЛРТ құрылысының қаражаты мемлекетке қайтарылуы қажет - А.Көлгінов

  • AstanaTV
  • 17 шілде 2019
  • 2340

«Астана банкінде» бұғатталып қалған ЛРТ құрылысының қаражаты мемлекетке қайтарылуы қажет. Бүгін қала активімен кездескен әкім осылай мәлімдеп, орынбасарына мәселені шұғыл шешуді тапсырды. Алтай Көлгінов жобаның шығындары барынша оңтайландырылады деді. Бұл бағытта құрылысшылар мен инженерлерден нақты ұсыныстар күтетінін жеткізді. Қазір құрылыс уақытша тоқтап тұр. Қытай банкі қаржыландырудан бас тартқан. Әкім инвестор іздестіріліп жатқанын айтты. 

Алтай КӨЛГІНОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:

"Астана банкінде" осы ЛРТ-ның қаражаты болған. Сол қаражатты қайтару - бір күндік жұмыс емес. Себебі қазір банктің мүлкінің бәрі арестке қойылған. Соның ішінде бізге қатысты үлес те бар. Соны біз қайтаруымыз керек. Оны біз зерттеп, айтамыз сіздерге.

Елорда әкімі тамыздың біріне дейін Отбасы институтын қолдау орталығын ашуды тапсырды. Ол көп балалы және көмекке мұқтаж отбасылардың адамдарын нарыққа қажет мамандықтарға бейімдеумен айналысады. «Open spaсe» форматында жасалатын орталық- психологиялық көмек және әлеуметтік-құқықтық мәселелер бойынша кеңес беру қызметін де ұсынбақ. Қаладағы әлеуметтік әлжуаз топтар туралы мәліметтер базасы- осында жинақталады. 

Д. Қайыртай