Русский Сайттың толық нұсқасы

Алты жасар баласын мектепке бермегені үшін ата-аналарға айыппұл салынбайды

  • AstanaTV
  • 17 шілде 2019
  • 2225

Алты жасар баласын мектепке бермегені үшін ата-аналарға айыппұл салынбайды. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Білім және ғылым министрі бұған дейін тараған қауесетті жоққа шығарды. Алайда алтыға толған бүлдіршінді бірінші сыныпқа беру туралы норма 3 жыл бұрын қабылданған заңда жазылған деді Асхат Аймағамбетов. Оның үстіне осы жаста баланың зеректігі де жақсы дамиды. Сондықтан бұл нормаға таң қалудың қажеті жоқ, бұл - жаңашылдық емес деді министр. Әлемдегі 134 елде балалар алты жастан партаға отырады деп дәйек те келтірді. 

Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ:

Алты жаста, бес жаста баланың дамуы өте жылдам. Мысалы, маусым айындағы дамуы мен қыркүйек айындағы дамуы өте жылдам. Сондықтан мен де кезінде баламды мектепке берем дегенде көп ойландым. Онда енді таңдау болды ғой. Онда алты жастан берем десең бересің, жеті жастан берем десең жеті жастан бересің. Сонда мен алты жастан бердім және сол алты жастан бергеніме бүгінгі күні өкінген жоқпын. 

Д. Қайыртай