Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде көршісін өрттен құтқармақ болғанда күйіп қалған 25 жасар жігітке көмек қажет

  • AstanaTV
  • 17 шілде 2019
  • 3402

Ақтөбеде зейнеткерді өрттен алып шыққан 25 жастағы жігітке көмек қажет. Артем Головняның денесінің 50 пайызы күйіп қалған. Бір айдан астам уақыт ауруханада төсек тартып жатқан жігітке бейімделуге ұзақ уақыт керек.

Жиырма бес жастағы Артем Головня ауруханаға 9 маусымда түскен. Содан бері бір ай жарым айдан асса да жас жігіт төсек тартып жатыр. Әрбір қозғалыстан жаны ауырып жатқан жігіт отқа түсетін күні көршісін құтқармақ болған.

Артем ГОЛОВНЯ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:  

Қатты жарылыстың дауысын естідім. Қарасам гараж жанып жатыр. Ішінде қария бар деп естідім. Мен көп ойланбастан сол гаражға кіріп, үлкен кісіні аман алып шықтым. Бірақ ол екінші рет тағы гаражға жүгіріп кетті. Мен артынан барып, оны құтқармақ болғанда екеуміз де өртендік.  

Ауруханаға жеткізілгенде Артемнің жағдайы ауыр болған. Денесінің елу пайызы түгел күйіп қалған жігіт екі апта жаңсақтау бөлімінде жатыпты.  

Нұрлан ӘБІШОВ, АҚТӨБЕ ҚАЛАЛЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ АУРУХАНАСЫНЫҢ ТРАВМАТОЛОГИЯ БӨЛІМІНІҢ ДӘРІГЕРІ:  

-Емнен кейін науқастың жағдайы жақсарды. Көп жаралары жазылды. Шамалы жаралары қалды. Оған арнайы операция аутодермопластика операциясынан дайындап жатырмыз.

Дәрігерлер жас жігітке операциядан кейін ұзақ уақыт бойы бейімделуден өтуге тура келеді деп отыр. Өйткені басынан бастап арқасы түгел, қолы, аяғы жарақаттанған жігіттің буындары қозғалып, қалыпты жұмыс жасап кету үшінде уақыт қажет. Ол үшін еріктілер қаражат жинауды бастаған.  

Алексей ВАСИН, ЕРІКТІ:

Қазіргі кезде Артемнің бейімдеуден өтуіне қаражат жинап жатырмыз. Оның жалғыз шырылдап жүрген анасы ғана бар. Сондықтан көмектескіміз келді. Күйік орталығына алмастырғанын қалаймыз. Ал ең бастысы өзгенің өмірін құтқармақ болған жігіттің ерлігі еленсе екен дейміз. Батырлығы үшін марапат та беруге болады.  

 Артемның ерлігі елене ме, жоқ па, белгісіз. Бір өкінштісі, ол құтқарған қария екі күннен соң ауруханада жан тапсырған.   

Б. Рахметова